Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Қала әкімі тұрғындармен кездесті

Петропавл қаласы әкімі Серік Мұхамедиев  С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Ашық есіктер күнін» өткізді. Жиында әкімнен басқа
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен түрлі серіктестік өкілдері, құқық қорғау органдарының мамандары да қатысты.

Қала тұрғындардың арыз-шағымын тыңдауды дәстүрге айналдырған шаһар басшысының ашық есік күніне  халық көп жиналды.

Таңертең сағат 10-нан басталатын қабылдауға қала тұрғындары ертерек келіп, кезекке тұрды.. Бар мақсат –   түс ауғанша арқалап келген мәселесін қала басшысының өзіне айту.

Копай  шағынауданының тұрғыны Наталья Першина да қала әкіміне  баспана жайын айта келген. Оның жер үйін көктемде де, күз бен жазда да су басады екен.  «Жеңіс» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  жанындағы жолды жөндеп,  сол маңға сауда үйі салынғалы бері  баспанасы тіпті төмендеп кетіпті.

— Үйдің іші ылғал тартып жатыр.  Мұрныма батпақтың иісі келеді. Бізге келетін жолдың барлығы ойдым-ойдым, сау-тамтығы жоқ. Қысқа отын әкелу мүмкін емес. Себебі ол жолмен көлік жүре алмайды, –  дейді қала тұрғыны.

Осыған дейін маусым айында ол қала әкімінің қабылдауында болған. Ол кезде жергілікті билік өкілдері Натальяға мәселені  шешеміз деп уәде беріпті. Алайда, жағдай өзгермеген.

— Бүгін менің орынбасарым мен  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары барып, жағдаймен толық танысады. Суды басқа жаққа бұруға бола ма, жоқ па соны қарастырып көреміз, – деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Жалпы, «Ашық есіктен» қала әкіміне мәселе айтқысы келетіндер көп болды.  Тұрғындардың айтқан арыз-шағымдарын тиісті сала басшылары қағазға  түртіп алып,  көтерілген мәселені  шешу жолдарын қарастырды. Ең бастысы, сұрағына жауап таппай қайтқан ешкім жоқ. Сондай-ақ алдағы уақытта қала басшысының  жыл сайынғы дәстүрлі  халықпен кездесуі өткізілмек.

СҚО-да астық жинауға 7 мыңнан астам комбайн шығады

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *