Дархан Әмрин жаңа қызметке тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Дархан Әмрин өңірдің кәсіпкерлік және индустриялы-инновациялық басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Дархан Әмрин 1990 жылы СҚО Сергеевка қаласында туған. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін экономика және бизнес бакалавры, ауыл шаруашылығы бакалавры, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін экономика ғылымдарының магистрі мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы «Kaspi bank» АҚ менеджерi болып бастады.
2012 жылдан 2014 жылға дейiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң сарапшысы, «Қазавтожол» ҰК» АҚ бас маманы болып жұмыс iстедi.
2014 жылдан бастап ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлiм нұсқаушысы, облыс әкiмiнiң экономикалық мәселелер жөнiндегi көмекшiсi — бас маман, СҚО әкiмiнiң көмекшiсi лауазымдарында қызмет еттi.
2017-2020 жылдар аралығында СҚО әкiмi аппараты басшысының орынбасары болды.
2020-2021 жылдары СҚО Айыртау ауданының әкiмi болып жұмыс iстедi.
Кейін СҚО кәсiпкерлiк және индустриялы-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметiн атқарды.
Бұл тағайындауға дейін «Kazakh Invest» ҰК өңірлік директоры болып қызмет етті.