Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 231 ЖКО тіркелді

Өткен жеті айда облыста 231 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан  21 адам мерт болып, 315-і жарақат алған. Жол апаттарының 192-сі жүргізушілердің  кінәсінен болған. 15 жағдай жүргіншілердің жолда жүру ережесін сақтамауынан орын алыпты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Григорий Тыштың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары саны шамамен 50-ге артқан.

— Жүргізген талдау нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі жұма-сенбі күндері болатындығы анықталды. Жол-көлік оқиғаларының көбі қарапайым жол ережесін  сақтамау салдарынан орын алып жатады. Жалпы өңірде жол қозғалысы тәртібін бұзғаны үшін 41 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 6953-і белгіленген жылдамдықты асырса, 660 жүргізуші көлікті мас күйде тізгіндеген, — дейді Григорий Тыш.

Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың 19 мыңнан астам фактісі тіркелген. Қазіргі уақытта жолдардағы жылдамдық режімін қадағалау үшін арнайы жабдықталған екі «Кибер-Шериф» көлігі жүр. Ал республикалық маңызы бар жолдарда 15 патрульдік бағыт кезекшілік атқарады. Петропавлда тәртіпті 14 автопатруль қадағаласа, ауылдық жерлерде бұл міндет полицияның учаскелік инспекторларына артылған.

Полиция қызметкерінің айтуынша, өткен жеті  айда балалардың қатысуымен 55 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан, бір бала мерт болып, 65-і жарақат алыпты.

Жаңа сервис: ХҚКО жеке менеджерін шақырып, мемлекеттік қызметті үйден шықпай алу

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *