Жарияланған күні: 28.08.2024
СҚО әкімдігі мен «Қазпошта» АҚ меморандум жасасты
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қазпошта» АҚ басқарма төрайымы Әсел Жанасовамен кездесті. Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері талқыланып, ауылдық жерлерде пошта саласын дамыту бойынша өзара әрекет ету туралы меморандумға қол қойылды.
Бүгінгі таңда «Қазпочта» желісі облысымыздың барлық 635 елді мекенін, оның ішінде 115 пошта және 27 жылжымалы бөлімшелерін қамтиды. Бірлескен қызметтің арқасында облыста пошта байланысы мен көрсетілетін қызмет сапасы жақсара түспек.