Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда «Ботай» галереясы ашылды

Конституция күніне орай облыстың мәдени өміріндегі айтулы оқиға — «Ботай» сурет галереясының ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет комитетінің төрайымы Күміс Сеитова, белгілі суретшілер, ардагерлер, қала жұртшылығы қатысты.

Галереяның атауы СҚО-ғы 6 мың жыл бұрын жылқы алғаш рет қолға үйретілген «Ботай қонысы» бірегей археологиялық орнымен байланысты.

— Жаңа өнер кеңістігінің ерекшелігі – онда көрмелер де, авторлар мен суретшілермен түрлі кездесулер өтеді. Келушілер еліміздің және облыс суретшілерінің туындыларын тамашалай алады. Галерея рухани әрі шығармашылық дамудың орнына айналатынына сенімдімін, — деді СҚО әкімі.

Жаңа нысанның әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Конституциясы көшесінде орналасқанының символдық мәні бар.

— Біз басты көшемізге ерекше назар аударамыз. Көрікті әрі облыс орталығының мақтанышы  — жаяу жүргіншілер көшесін жаңғыртуды жалғастырамыз, — деді облыс әкімі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *