Жарияланған күні: 30.08.2024
Тайынша ауданында жаңа мектеп ашылды
Жаңа оқу жылы қарсаңында Драгомировка ауылында жаңа мектеп ашылды. Бұрынғы ғимарат апатты жағдайда болған еді, бір жылдың ішінде жаңа мектеп бой көтерді.
Мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындарын СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қуанышты жаңалықпен құттықтады.
Мемлекет басшысы балалардың білум алуына бар жағдайды жасау керектігін баса айтты. Айта кету керек, мектептің құрылысына қаржы білім инфрақұрылымы қорынан бөлінді. Осылайша, ауыл балалары мен ұстаздарға бар жағдай жасалып отыр.
Сондай-ақ, облыс орталығында арнаулы-мектеп, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Орман» және «Берекеде» екі мектептің құрылысы аяқталуға жақын. «Жас Өркен» және «Копай» шағын аудандарында тағы екі мектептің құрылыс басталмақ.