2021-2022 ЖЫЛДАРЫ ОБЛЫСТА БІР МЫҢҒА ЖУЫҚ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
«AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының 2021-2022 жылдардағы жұмысының қорытындылары өңірлік партия ұйымының есеп беру-сайлау конференциясында талқыланды.
Конференция жұмысына партия хатшысы Руслан Әлішев, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, депутаттық фракциялардың мүшелері, партия жанындағы қоғамдық кеңестердің басшылары қатысты.
Филиалдың екі жылда атқарған қызметін қорытындылай келе, атқарушы хатшы Жеңіс Асанов бүгінде өңірде 8 партиялық жоба іске асырылып жатқанын атап өтті. Олардың бірі – «Кедергісіз келешек», оның аясында аманаттықтар мүгедектігі бар 986 адамды жұмысқа орналастыруға көмектесті.
«Жүріп-тұруы қиын адамдар үшін өткен 2 жылда үшін 369 нысан бейімделді. Өкінішке қарай, былтыр нысандарды бейімдеу жоспары тек 43%-ға орындалды. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 5 мыңнан астам ардагерге, тыл еңбеккерлеріне, зейнеткерлерге атаулы көмек көрсетілді, бір жарым мыңнан астам қарттың үйіне көшпелі медициналық тексерулер ұйымдастырылды», — деді Жеңіс Асанов.
«Бақытты отбасы» жобасы аясында партиялықтар жыл сайын «Баланы мектепке дайындайық» акциясын ұйымдастыратыны атап өтілді. 2021-2022 жылдары 92,5 млн. теңгенің қайырымдылық көмегімен 5827 бала қамтылды. «Жер аманаты» партиялық жобасына ерекше назар аударылады. Өткен жылы СҚО бойынша 304 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Биыл кемінде 330 мың гектар жерді қайтару жоспарлануда.
Жеңіс Асанов сайлауалды уәделерінің орындалуына да тоқталды. Спикердің айтуынша, сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Жол картасында жоспарланған 2151 іс-шараның 1996-сы орындалды (93%). Сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылауды 9 қоғамдық кеңес жүзеге асырады. 2021-2022 жылдары олар 3503 ұсыным әзірледі. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы оң мысал ретінде атап өтілді.
«Өткен 2 жылда партияның облыстық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 9688 өтініш келіп түсті. Олардың 48%-ы оң шешімін тапты. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелерін ұйымдастырудың нәтижесін атап өткім келеді. Бұл бізге солтүстікқазақстандықтардың мұң-зарынан хабардар болуға, мәселелерді тезірек шешуге мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 521 қабылдау өткізілді, өтініштердің 35%-ы сол жерде шешілді», — деді партия облыстық филиалының атқарушы хатшысы.
2021-2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша партияға 1821 адам қабылданды. Бүгінгі таңда өңірлік филиал қатарында 28237 адам бар. Партиялықтардың ең үлкен және белсенді бөлігі – 29 мен 40 жас аралығындағы адамдар (25,7%). Айта кетейік, конференцияда өңірлік партия ұйымы төрт жаңа мүшемен толықтырылды. Бұдан басқа, «AMANAT» мүшелерінің ауылдық округ әкімдері арасында партия өкілдері көп – 88%. Екі жыл ішінде 50%-ға облыстық және аумақтық филиалдарының Саяси кеңестердің құрамы жаңартылды. Партия хатшысы Руслан Әлішев атап өткендей, дәл осы жердегі партиялықтар қозғаушы күш болып табылады. Сонымен қатар, партия хатшысы «AMANAT» өңірлік филиалы Саяси кеңесінің жақын арадағы міндеттеріне тоқталды.
«Қазіргі аймақтық жол картасы нда алдағы бес жылда атқарылуы тиіс 120 іс-шара қарастырылған. Олардың қатарында жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандарды салу, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, сумен жабдықтау бар. 2023 жылы 112 іс-шара жүзеге асырылуда. Саяси кеңестер сайлауалды бағдарламалардың іске асырылуын бақылау жөніндегі жұмысқа белсене араласуы керек – Саяси кеңестің әрбір мүшесі партиялық бақылау бекеттеріне тіркеліп, олардың жұмысына жетекшілік етуі тиіс. Сонымен қатар, «AMANAT» депутаттары бюджетті қарау кезінде партияның сайлау алдындағы міндеттемелерін қаржыландыруға ерекше назар аударуы тиіс», — деді партия хатшысы.
Партиялық қызметті жандандыру жөніндегі міндеттерді талқылауды Руслан Әлішев облыстық мәслихат депутаттарымен және өңірлік және аумақтық филиалдардың басшыларымен кездесуде жалғастырды. Сол күні партия хатшысы Есіл ауданына барды: онда ол Николаевка ауылының тұрғыны – «Ауыл аманаты» жобасына қатысушы Ешей Тілеужанмен кездесті, Николаевка ауылының орта мектебінің жанындағы интернаттың күрделі жөндеуімен танысты, сондай-ақ «Явленское» бастауыш партия ұйымымен сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын талқылады.