Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«ҚЫЗЫЛЖАР— 2023» ЖАРТЫЛАЙ МАРАФОНЫ ӨТТІ

Петропавлда «Қызылжар – 2023» жартылай марафоны өтті. Спорттық шара Конституия күніне орайластырылып, оған 300-ден адам қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды тілшіміз Qyzyljarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Пестрое көлі жағалауынан бастау алған жартылай марафонда салауатты өмір салтын ұстанғандар жас ерешеліктері бойынша 5, 10 және 21 шақырымдық қашықтықты бағындырды.

«Биыл мемлекеттік мереке қарсаңында жартылай марафон ұйымдастыруды жөн деп санадық. Ерлер өз араларында, қыздар өз араларында мықтыны анықтады. Жарыста жас санаттары бойынша жүлдегерлер белгілі болды. Шараға 15 пен 60-тан жоғары жастағылар белгіленген қашықтықтарды бағындыруға тырысты. Қуантарлығы, жыл сайын қатысушылардың қатары артып келед»,» — дейді облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Сергей Мелехов.

Бұдан бөлек, биылғы жартылай марафонда скандинав жүрісі бойынша жарыс өтті. 5 шақырымдық қашытыққа шыққандар арасында да жеңімпаздар анықталды. Бұл сында ерлер қатарында Степан Костылев алтын жүлдеге қол жеткізсе, Дмитрий Мец күміс медальға ие болды. Үздік үштікті Валентин Лямкин қорытындылады. Қыз-келіншектер арасында Любовь Шахян топ жарса, Антонина Шершнева екінші орынға табан тіреді.  Евгения Холодных үшінші сатыға жайғасты.

Ал 21 шақырымдық жартылай марафонда ерлерде жеңіс тұғырына Вадим Левченков көтерілсе, Азат Назыров күмісті, Александр Беспалов үшінші орынды місе тұтты. Әйелдер арасында  Диана Асауова алтын, Асым Назырова күміс және Екатерина Романова қола жүлдегер атанды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *