Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да азық-түлік бағасын әдейі қымбаттатқан пысықай кәсіпкерлер анықталды

 

Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті қымбат бағамен сатқан бірнеше кәсіпкер анықталды. Олардың кейбіріне осыған дейін де ескерту жасалған. Алайда пысықайлар өтерме саудада баға қосуды тоқтатпағандығы белгілі болды.   

Өңірімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әрдайым мониторинг жіүргізіледі. Осындай тексерістердің бірінде 1-ші санаттағы туық жұмыртқасын негізсіз қымбаттатқан екі серіктестік анықталды. Олар сот шешімімен жауапкершілікке тартылып, 9,2 млн теңге айыппұл төледі. Әрі тауар бағасын 15% дейін арзандатты. Сондай-ақ биыл күрішті көтерме саудада өткізетін ірі жеткізушінің біріне қатысты тергеп-тексеру басталды. Айта кету керек, аталған кәсіпкер осыған дейінде тауар бағасын негізсіз өсірген екен.  Ол кезде ескерту жасалынғанымен, бизнесмен тағы да күріштің құнын көтерген.

«2022 жылдың қазан-желтоқсан айлары және ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығына аталған тауарға талдау жүргізу кезінде, мемлекеттік кірістер департаментің деректеріне сүйене отырып, кәсіпкер уәкілетті органнан ескерту алғаннан кейін, нақты негіздемесіз күрішке әртүрлі баға қолдану тәжірибесін тоқтатпағаны анықталды» -деді брифингте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің СҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Аслан Әліппаев.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *