Жарияланған күні: 28.08.2023
Қазақстанның ХҚКО-лары мен мамандандырылған ХҚКО-лары 30 тамыз күні жұмыс істемейді
Елімізде Конституция күнін мерекелеуге байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар 30 тамыз күні азаматтарды қабылдамайды. Ата заң күніне орай елімізде демалыс жарияланған.
Орталықтар өз жұмысын 31 тамыздан бастап, әдеттегі кесте бойынша жалғастыратын болады.
Естеріңізге сала кетсек, әдетте, ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.