СҚО-да антикор қызметі жол жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді
Облыста барлығы 160 автожол жобасын 99 сарапшы қадағалайды, оның ішінде 48 сарапшы екі және одан да көп нысанға бекітілген. Инжинирингтік қызмет көрсетудің қолданыстағы ережелеріне сәйкес, техникалық қадағалау жөніндегі сарапшыға құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын тұрақты негізде тексеру құқығы жүктелген және де нормативтік құжат бойынша бір кезеңде бақыланатын объектілер санына шектеу қойылмайды.
Сыртқы талдау барысы бұл талаптың елеулі кемшілікке жол бергенін көрсетті. Өйткені, бір сарапшының бір мезгілде бірнеше нысанды бақылауы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу сапасына теріс әсер еткен. Осыған орай талдау нәтижелері бойынша тиісті ұсынымдар енгізілді.
Бұдан бөлек, сметаны асыра бағалау, сапасыз материалдарды пайдалану, көзделмеген жұмыс түрлерін қосу арқылы бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау сияқты ағаттықтар да тіркелді.
Ашық рәсімдерді, цифрлық шешімдерді қолдану, озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, салада бақылауды күшейту жөнінде ұсыныстар берілді.