Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Көші-қон заңнамасын бұзудың 147 фактісі анықталды

СҚО-да полиция 3 күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың  147  дерегін тіркеді. Оның бірінде Тәжікстаннан келген жеті әйел Петропавлдағы ҚТҚ полигонында заңсыз жұмыс істегені анықталды.

Облыста 14 қазаннан бастап “Заңсыз келуші” республикалық жедел алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өтіп жатыр. Полицейлердің тексеруінде — құрылыс нысандары мен базарлар, киім-кешек пен азық-түлік сататын орындар, теміржол және автовокзал, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және басқа да нысандар.

Рейд аясында шетелдіктердің ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың тағы 9 фактісі анықталды. Олардың қатарында коммерциялық нысан құрылысында Өзбекстанның екі азаматын заңсыз жұмысқа орналастыру және ҚР-да рұқсат құжаттарынсыз және уақытша тұруға рұқсатсыз жеміс сатқан Әзірбайжан азаматы бар.

– Шетелдіктерден елімізде болу ережелерін сақтауды сұраймыз. Облыста ЖПІШ алғашқы 3 күнінде шетелдіктердің көші-қон заңнамасын 147 бұзушылығы анықталды, 12 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Нұсұрбаев.

СҚО-да 23 мас жүргізуші ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *