Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары ұятқа қалды
Әдеп кеңесінде Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Алма Нұрғалиеваға қатысты ақпарат тыңдалды. Оның 3 қыркүйекте «Instagram» әлеуметтік желісінде қызметтік көлікпен тыйым салынған жерде тоқтап, жол ережесін бұзғаны және «темір тұлпарды» өзі тізгіндегені, оны жеке мақсатқа, яғни супермаркеттен нан сатып алу үшін пайдаланғаны жайлы бейнебаян жарияланған.
Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ержан Қарымсақов мемлекеттік қызметке жеке бас мәселелерін араластырмауды қатаң ескертті.
Талқылау барысында мемлекеттік қызметшінің кінәсін мойындағаны, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлегені, келешекте мұндай келеңсіз жағдайлардың қайталанбайды деген уәдесі ескерілді. Бірақ кеңес мүшелері әдеп нормаларын бұзғанын бетіне басып, ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдануға шешім шығарды.
СҚО-ға Омбы облысының делегациясы келді