Береке шағын ауданындағы емхана қашан пайдалануға беріледі?
«Береке» шағына уданында түрғызылып жатқан емхананы пайдалануға беру мерзімі тағы да ұзартылды. Облыстык әкімдікте өткен аппараттық кеңесте Петропавлдағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысы сөз болды. Медициналық мекемеден бөлек, көпқабатты үйлердің де кешеуілдеп жатыр.
«Үш жыл болды, тұрғын үйлерді деп уақытында тапсыра алмай жатырмыз. Оның себеп инженерлік —коммуникациялық желілердің уақытында тартылмауы. Кейбір ғимараттар маусымның 15-сі күні пайдалануға берілуі тиіс еді. Құрылысты қадағалайтын комиссия қайда қарап отыр? «Берекедегі» алты үйдің мердігерімен келісімшартты бұздық. Қашан тұрғындар өз қоныстарына жайғаса алады?», — деп жауаптыларды сынға облыс әкімі Айдарбек Сапаров.
Ал құрылыс басқармасының басшысы Қайрола Ғалеевтің айтуынша, ведомство арқылы өтетін барлық нысандар 1 қыркүйекке дейін тапсырылуы тиіс еді.
«Егер құрылыс жұмыстар 25 қыркүйекке дейін аяқталмаса, бір ай ішінде жосықсыз деп тану туралы талап арыз береміз. Емханаға келетін болсақ, мердігер нысанды аяқтау үшін шартты 20 қазанға дейін ұзартты. Несиелік үйлерді салу, абаттандыру және инженерлік коммуникациялар бойнша мерзім 15 қыркүйекке дейін белгіленген. Қазір мердігерлер жұмыс істеп жатыр»,— деді Қайролла Ғалеев.
Шаhар басшысы Серік Мұхамедиев үйлердің мерзімі 15 қыркүйекке дейін екенін растады. Егер б9л шаруаларды уа0ытылы ат0армаса лар шара қолданатынын айтты.
«Осы жылы біз жеті денсаулық сақтау нысанын тапсыруымыз керек. Аудан әкімдері жаңдайды қатаң бақылауда ұстауы қажет. Ауылдық округ әкімдері күн сайын сол жерде болуы тиіс»,- деді Айдарбек Сапаров.
Шілде айында облыс әкімі барлық проблемалық нысандарды аралаған болатын. Нақтырақ айтсақ, бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан 16 үй және екі шағын ауданда емхана бар. Нысандар халық игілігіне осыған дейін берілуі тиіс болатын. Алайда, мердігерлердің жауапсыздығынан құрылыс жұмыстары созбаққа салынуда. .