Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
>
Mons
9 Juil
21°C
10 Juil
22°C
11 Juil
22°C
12 Juil
23°C
13 Juil
23°C
14 Juil
25°C
15 Juil
25°C
>
Mons
9 Juil
21°C
10 Juil
22°C
11 Juil
22°C
12 Juil
23°C
13 Juil
23°C
14 Juil
25°C
15 Juil
25°C
07:41:35Четверг

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда вейп сатқан азамат ұсталды

Полицейлер электронды темекіні сатуды кәсіпке айналдырды деген күдікпен 19 жастағы жігітті ұстады. Кінәсі дәлелденсе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мақсатты түрде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында петропавлдық жігітті ұстады. Оған осы жылдың маусым айынан бастап саудасына тыйым салынған вейпті сатумен айналысты деген айып тағылды.

Тәртіп сақшылары одан жалпы сомасы 6 млн теңгеден астам 545 вейп, сұйықтық құйылған 334 ыдыс, құрамында никотині бар 165 сағыз тәркіледі. Жас жігіт ешқайда оқымайды және жұмыс істемейді.

— Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының санкциясы бойынша 200 АЕК дейінгі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген, — дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Петропавлдық зейнеткер заңсыз діни кітаптар сатқан

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *