Жарияланған күні: 13.01.2025
Есіл ауданында ауылдасын өлтіргендер құрықталды
Қаңтардың 11-і күні Есіл ауданының орталығы Явленкада қайғылы оқиға орын алды. Өз үйінің маңында қайтыс болған ер азаматтың мүрдесі табылды. Белгілі болғандай, зорлық-зомбылық белгілері анықталды.
Қаңтардың 11-і күні Явленкада сағат 8:30 шамасында өлі ер адамның денесі табылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында қайтыс болған 56 жастағы азамат екені анықталды. Полицейлер екі күдіктіні анықтап құрықтады. Олар Есіл ауданының 59 және 29 жастағы тұрғындары болып шықты. Оқиға болған жерден балта тәркіленді.
— Қылмыстың барлық жағдайлары мен себептерін анықтауға мақсатында барлық дәйектер зерттеуге жіберілді. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, — деп хабарлайды СҚО ПД департаментінің баспасөз қызметі.