Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Облыс прокурорлары жұмысшылардың құқықтарын қорғады

СҚО прокуратурасының мәліметінше, өңірдегі жұмысшылардың еңбекақысынан әлеуметтік төлемдерді негізсіз ұстау фактісін анықталды.

Өрескел заң бұзушылық Тайынша ауданында тіркелді. Мұндағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының лауазымды тұлғалары Еңбек кодексінің 115-бабының талаптарына қайшы, ынталандыру ақыларын төлеу үшін 20 қызметкерден 2 млн теңге көлемінде еңбекақыны ұстап қалған.

— Олимпиадалық резервтегі дайындық орталығында, М.Жұмабаев ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде және облыстық әкімдіктің Денсаулық сақтау басқармасында да дәл осындай жұмысшылардың құқығы бұзылғаны анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, заңсыз ұсталған сомалар қайтарылды. Осылайша қабылданған шаралардың нәтижесінде 23 жұмысшының құқығы қорғалды, — делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, былтыр қадағалаушы орган 2,5 мыңға жуық жұмысшының конституциялық құқығын қорғады.

Есіл ауданында ауылдасын өлтіргендер құрықталды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *