Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Президент Ішкі істер министрін қызметінен босатты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды.

Оның орнына Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ержан Сапарбекұлы Сәденов 1968 жылдың 24 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Құйған ауылында дүниеге келген.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Қарағандыдағы ҚР ҰҚК жоғары мектебін бітірген.

Құқық қорғау саласындағы еңбек жолын 1993 жылы ШҚО ішкі істер басқармасының ауданаралық жедел іздестіру бөлімінде жедел уәкіл ретінде бастаған.

Қызмет жолында Өскемен қаласында автокөлік ұрлығына қарсы бөлімшелерді басқарып, мүлікке қарсы қылмыстар мен нашақорлық деректерін ашумен айналысты.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының аса маңызды істер жөніндегі бөлімнің, аса қауіпті қылмыстармен күрес жөніндегі бөлімнің, азаматтарға қарсы қылмыстар бөлімінің бастығы болды.

Кейін Шығыс Қазақстан облысының аудандық полиция бөлімдерін, Риддер қаласы ішкі істер бөлімін, Өскемен қаласы ішкі істер басқармасын басқарды.

Облыстық деңгейде Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, Ішкі істер министрлігі департаментінің бастығы, Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы, Ақмола облысының полиция департаментінің бастығы, Астана қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымында қызмет етті.

Министрлік лауазымға тағайындалғанға дейін Ішікі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *