Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-дағы Есіл өзенінде балықтың неден қырылғаны белгілі болды

Солтүстік Қазақстан облысында тамыз айында Питное көлі мен Есіл өзенінде тіркелген балықтардың қырылу себебі белгілі болды, деп хаюарлайды тілшіміз ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Экология департаментінің мәліметінше, Жамбыл облысы Миролюбово ауылына жақын жердегі Питное көлінде балықтардың қырылуы өсімдік жамылғысының ыдырауы кезінде пайда болған күкіртті сутегінің жиналуынан болған.

Сергеев су қоймасы маңындағы Есіл өзеніндегі балықтар судағы еріген оттегінің азаюынан қырылды.

Бұл ауа мен судың жоғары температурасына байланысты болды.

Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында Жамбыл және Шал ақын ауданының әкімдігіне су айдындарына тұрақты мониторинг жүргізу ұсынылды.

Питное көлінде су қоймасының гидрохимиялық режимін жақсарту үшін артық өсімдіктерді шабу және аэрация бойынша мелиорациялық жұмыстар қажет.

Балық шаруашылығы мелиорациясы мүмкін болмаған жағдайда мелиорациялық балық аулау қажет.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *