Алдағы демалыс күндері Петропавл қаласы ауызудан ажыратылады
Петропавлда алдағы демалыс күндері су беру тоқтатылады. Шаhарды тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын тұрғындарға 2-3 тәулікке жететін су қорын жинап алуға кеңес береді, деп хабарлайды тілшіміз.
«Қызылжар су» ЖШС баспасөз қызметі сумен жабдықтау желілерін жуып-шаю және дезинфекциялау бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізетіндігін мәлімдеді. Осыған байланысты 9 қыркүйек сағат 00:00-ден 10 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін Петропавл қаласында су беру тоқтатылады. Бұл судың сапасын жақсарту үшін жыл сайын атқарылатын шаруа.
«Көрсетілген кезеңге қажетті су қорын жинап алуды сұраймыз. тіршілік нәрі берілгеннен кейін оны бірден пайдалануға, ішуге және ас дайындауға тыйым салынады», — делінген «Қызылжар су» ЖШС таратқан хабарламада.