Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО түлектерге «Алтын белгі» табысталды

Солтүстікқазақстандық 3,6 мың оқушы мектепті аяқтады. Емтихандар артта қалды, аттестаттар табысталды — алда жаңа белестер мен мүмкіндіктер!

«Алтын белгі» иегері атанған 124 түлек ерекше құттықтауға лайық! Бұл жай ғана марапат емес — бұл табандылықтың, мақсатқа ұмтылудың және білімге деген сүйіспеншіліктің символы.

Орталық алаңда мектептегі ең жоғары марапат — «Алтын белгіні» СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов түлектерге салтанатты түрде табыс етті.

— Бұл тек түлектердің жеке жетістіктерінің ғана емес, сонымен қатар білім беру саласындағы жүйелі жұмыстың, ата-аналардың қолдауы мен ұстаздардың жанкешті еңбегінің нәтижесі. Қазақстанның болашағы — білімді, талантты жастардың қолында. Жолдарың ашық, болашақтарың жарқын болсын! Ақ жол, жас түлектер! — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Тайыншада жаңа спорт кешені салынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *