Береке шағынауданында «Жайлы мектеп» тұрғызылуда
Петропавлда «Жайлы мектеп» жобасы аясында жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Білім ордасы Береке шағынауданында бой көтеруде.
Оқу орданың құрылыс жұмыстарымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. Өңір басшысы мектептің уақтылы тапсыру қажеттігін назар аударып, жаңа оқу жылында тың нысан есігін айқара ашатынын жеткізді.

«Жайлы мектеп» жобасы Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық бастама деуге болады.
Жобаны іске асыру облыс орталығындағы оқушы орындарының тапшылығын азайтуға және балаларымыз үшін жайлы, қауіпсіз әрі цифрлық білім беру ортасын қамтамасыз етуге септеседі. Мектеп 600 оқушыға арналған және заманауи стандарттарға сай толық жабдықталады. Сонымен қатар, Береке шағын ауданында ұзындығы 1,3 шақырымды құрайтын Малая көшесіндегі жол құрылысы жалғасып жатыр.

