Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО полициясы жыл басынан “102” арнасы арқылы 89 947 хабарлама қабылдады

СҚО полицейлері 8 ай ішінде “102” арнасы арқылы 89 947 хабарлама қабылдады, — деп хабарлайды тілшіміз.

Полицияға уақытылы жүгіну қылмысты “ізін суытпай” ашуға көмектеседі. Жыл басынан бері “102” жедел арнасына қылмыстық құқық бұзушылық туралы 89 900-ден астам телефон хабарламасы келіп түсті. Олардың 30 мыңнан астамы жедел әрекет етуді талап еткен. Ұрлық бойынша 990 хабарлама, алаяқтық әрекеттері бойынша 758 хабарлама, отбасылық жанжалр бойынша 1505, түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 1283 фактісі және тағы басқа да құқық бұзушылықтар бойынша хабарлама келіп түскен.

“102” арнасына телефон хабарламаларын қабылдаумен қатар жедел басқару орталығының қызметкерлері тәулік бойы бейнебақылау камералары арқылы көшелердегі ахуалға мониторинг жүргізеді. 8 ай ішінде көшелерде, қиылыстарда және алаңдарда орнатылған камералардың көмегімен 10320 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Олардың жартысынан көбі,  8207 дерек жол қозғалысы ережелерін бұзу. Сондай-ақ қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішудің 2 мыңнан астам фактісі анықталды.

«ЖБО операторлары “102” бағдарламасының функционалы — ҚР ІІМ ресми мобильді қосымшасы арқылы полицияға азаматтардың хабарламаларын қабылдауды жалғастыруда, оны App Store және Google Play дүкендерінде өз құрылғысына кез келген қолданушы тегін жүктей алады. Жыл басынан бері осы байланыс арнасы бойынша мәтіндік хабарламалар мен медиа файлдар түрінде 153 хабарлама келіп түсті. Ең бастысы – жол қозғалысы ережелерін бұзу. Келіп түскен хабарламалардың 117-сі бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді Петропавл қаласы полиция басқармасының ЖБО бастығы Қайырбек Баймөнкенов.

Облыс орталығындағы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін күн сайын жүздеген полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері күзетеді. Полицейлер стационарлық бекеттерге, жаяу және автопатрульдерге бөлінген. Құқық қорғау органдары азаматтарға заңсыз әрекеттер болған жағдайда дереу полицияға хабарласуға кеңес береді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *