Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдық зейнеткер жоғары оқу орнына түсті

70 жастан асқан Петропавл қаласының тұрғыны  Нурия Бикметова М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне түсу үшін құжаттарын тапсырды. Зейнеткер күндізгі бөлімде ақылы түрде оқып, көп жылдар бойы армандаған заңгер мамандығын меңгеруді көздейді.  

— Мен адамдарға көмектескенді жақсы көремін. Қазір кәсіби медиатормын. 2021 жылы оқуын оқып, сертификатын алдым. Білімімді толықтырып, Қазақстан заңдарын біліп, оны іс жүзінде қолданғым келеді. Жоғары білім алу бұрыннан ойымда жүргенімен, енді ғана сәті түсіп жатыр, — дейді Нурия Бикметова.

Әйел адамның жоғары саяси білімі бар, Мәскеудің психология институтын және Петропавлдағы экономикалық колледжді тәмамдаған. Киров атындағы зауытта 18 жыл жұмыс істеді, кейін жылу желілері кәсіпорнында еңбек етті.

— Әкімдікке қайта-қайта барып жүріп, екі көшенің және тротуардың жөнделуіне, үйіміздің шатырын ауыстыруға себепші болдым, — дейді зейнеткер.

Петропавлдың басты көшесінде субұрқақ іске қосылды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *