Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 198,9 млн. теңгеге 31 жоғары технологиялық ота жасалды

Жыл басынан бері өңір тұрғындарына жалпы сомасы 198,9 млн. Теңгені құрайтын 31 жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді. Оның ішінде 19 ота МӘМС есебінен, 12-сі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде берілді.

Жоғары технологиялық медициналық көмек тек тиімділігімен ғана емес, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қымбат қызметтердің бірі болуымен ерекшеленеді. Елімізде оны тұрғындар екі пакеттің көмегімен ала алады, бұл ТМККК және МӘМС.

– Кеуде қолқасына протезді эндоваскулярлық имплантациялаудың құны 4 млн. теңгеден асады. Науқас жинақтаған 51 мың теңге немесе одан да көп қаражаты қорға аударылса да, тұрғын сақтандырылған статусының арқасында қымбат отаға қол жеткізе алады. Айта кетейік, көпбейінді облыстық аурухананың кардиоорталығында оталардың құны 650 мың теңгеден одан жоғары қаржыға дейін жасалынады, — дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ директорының орынбасары Талғатбек Тілеубердин.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының мәліметі бойынша, 2025 жылдың 6 айы ішінде өңірде екі медициналық ұйым жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетті.

— МӘМС аясында көпсалалы облыстық аурухана өңір тұрғындары үшін 18 жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетті. Бас және мойын тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы немесе окклюзиясы – 7, кеуде қолқасына протезді эндоваскулярлық имплантациялау – 1, автоматты кардиовертер имплантациясы – 4, бас сүйектегі ішкі артерияларға стенттерді тері арқылы имплантациялау – 6. Олардың жалпы құны 119 млн. теңгеден асты. Көпсалалы қалалық аурухана пациентке тізе буынын ауыстыру бойынша 1 ота жасады, сомасы – 2 млн. 130 мың теңгені құрады, — дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ директорының орынбасары Талғатбек Тілеубердин.

ТМККК шеңберінде мемлекет есебінен жоғары технологиялық медициналық қызметтерге 77 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Жыл басталғалы 270 адамнан туберкулез анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *