Петропавлда 5 жасар бала терезеден құлады
Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінен 5 жасар бала құлап түсті. Балғын үшінші қабаттағы терезеден төменге қарай құлдилаған.

Оқиғадан белгілі болғандай, баланың ата-анасы балғынның терезе жақтауына шығып кеткенін байқай алмаған. Салдарынан ол москиттік торға сүйеніп, төменге қарай құлады. Бірден жедел жәрдем шақыртылып, бала ауруханаға жатқызылды.
Әзірге медициналық мекеме баланың жағдайы жайлы тіс жармай отыр. Дегенмен, полиция департаментінде баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын алға тартады.
— Қазіргі уақытта аталған факті негізінде қылмысьық іс қозғалды. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы кейін белгілі болмақ, — делінген СҚО ПД баспасөз қызметі берген мәліметте.

