Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Солтүстік Қазақстанның Новоишим ауылында төтенше жағдай жарияланады

Қатты желден әлеуметтік нысандары зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысындағы Новоишим ауылында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланбақ, деп хабарлайды тілшіміз ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Новоишим ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Аманжолов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 23 тамызда туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады», — деп жазылған Ашық НҚА порталында жариялаған аудан әкімі Руслан Аңбаевтың шешім-жобасында.

Айта кетейік, 23 тамызда Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Новоишим ауылында қатты жел тұрып, ғимараттың сыртқы қасбетін зақымдап, көпқабатты тұрғын үйдің шатырын  ұшырып әкеткенін жазып едік.

Осыған байланысты елді мекен аумағында төтенше жағдай жариялау шешімі қабылданып отыр.

Яғни, осыдан кейін ғана нысандарға келген шығынды есептеу, залалды өтеу және жөндеу жұмыстары жүреді.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *