Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Бақ қонған берекелі Ескеновтер отбасы өңір намысын елордада қорғайды

Бақытты отбасының кілті- татулықпен бірлікте. Солтүстік қазақстандық Ескеновтер әулеті мұны жақсы біледі. Бүгінде 2 ұл, 2 қыз тәрбилеп, олардан 11 немере сүйіп отыр. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының ақтық кезеңіне жолдама алған жанұя Елордада өтіп жатқан сайыста қорғап жатыр, деп хабарлайды тілшіміз.

Шаңырақ көтергендеріне биыл 45 жыл болған Ескеновтер әулеті бақ қонған берекелі отбасы. Өңірде көпке үлгі. Отағасы Зейнолла Ескенов саналы ғұмырын құрылыс саласына арнаған жан. Қазір зейнет демалысында.

«75 жылы 10 жылдық мектепті бітірдім да, құрылысқа жұмысқа кірдім. Мынау екі қабатты үйлердің бәрін қайта қалыпқа келтіріп прораб болып жұмыс істедім. 20 жылдай жұмыс істеп қалдым осында  зейнетке шықтым. Жолдасым  еңбек демалысына шыққан соң, есік алдында  дүкен салып бердім.  Бір жылдан кейін наубайхана салдым. Осы 10 шақты ауыл нанды бізден алады.  Күніне 1000-1200 бөлке нан пісіреміз», -дейді Кішкенекөл ауылының тұрғыны Зейнолла Ескенов.

 Шаңырақтың ұйытқысы -Күлбан апа шәкірт тәрбиесімен айналысқан ардақты ұстаз. Бүгінде барын бағамдап, өмірлік мектептен алған рухани үлесін кейінгі ұрпаққа беруде. Осылайша немерелерінің тәрбиесін тасада қалдырған емес.

«Сол білім беру саласында 40 жылдан астам еңбек етіп міне зейнеткерлік демалысқа шықтым. Қазіргі таңда үйдемін. Жай қол қусырып отқан жоқпыз. Немерелерге тәлім- тәрбие беріп, оларды еңбекке баулып, сабаққа үйретіп, әртүрлі қоғамдық жұмыстарға араласып, белсенді жұмыс атқарып жүрген жағдайымыз бар», — дейді отанасы Күлбан Ескенова.

.Ескеновтер жанұясы 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, бүгінде олардан 11 немере сүйіп отыр. Әр баласы әр салада белсенді. Мәселен әулеттің тұңғышы Мейірбек антына адал, сертіне берік жан.

 «Алматы қаласында жоғары әскери училищені бітірдім. Содан кейін Санк-Петербург қаласында әскери артиллерия академиясын бітірдім. Енді қазіргі кезде Москва қаласында жоғарғы бас генерал штаб академиясын бітіріп, нақты кезде Қорғаныс министрлігінде жұмыс істеп жатырмын. Осы барлық жетістігіміз әке-анамыздың тәрбиесі. Өсіп жатқан біздің балаларымызға, ұрпақтармызға осындай тәрбие беруге тырысамыз» ,- деді Ұлттық қорғаныс университетінің кафедра басшысы, шаңырақтың тұңғышы Мейірбек Ескенов.

Ал үйдің кенжесі Қуаныш- ризығын жерден тауып жүрген шаруа. Қазір ол үшін қауырт науқан басталды. Себебі алажаздай баптаған астықты шашау шығармай жинап алуы керек. Сондықтан күндіз-түні қырман басында. 

«Өз кәсібім бар. Егінмен айналысамыз. Қазіргі таңда орақ науқаны басталды. Егінді алып жатырмыз. Өнімділік жаман емес, жақсы. Сол ауылға егін егіп нан пісіреміз. Кенже баласы болғасын әке-шешеммен бірге тұрамын», — дейді Қуаныш Ескенов.

Ұрпағына адалдықпен еңбекқорлықты дәріптеп жүрген жанұя облыстық Мерейлі отбасы ұлттық байқауына қатысқан 30-ға жуық отбасының арасында үздік атанды. Енді олар республикалық байқауда бақтарын сынамақ.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *