Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Террористер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жармақ болған – ҰҚК

Террористер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жармақ болған. Бұл туралы ҰҚК төрағасы Руслан Сейсембаев ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының кеңесінде айтты, деп хабарлады тілшіміз  Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда террористік қауіп әлі де артып отыр. Жыл сайын кем дегенде екі террористік шабуыл жасалып тұрады.

Мысалы, биыл ғана дайындықтың ерте кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жару әрекеті, сондай-ақ Астанада жаппай жиналған жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеттері тоқтатылды, – деді Руслан Сейсембаев.

Оның айтуынша, ҰҚК-ге келіп түскен ақпарат ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін Террористік қатерлердің қалыптасуы бірқатар үстем факторлардың әсерінен болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *