Жарияланған күні: 20.10.2025
Петропавлда өндірісте жұмысшы көз жұмды
Петропавлда өндірістік кәсіпорындардың бірінде жұмысшы көз жұмды. Алдын-ала болжам бойынша,жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелері сақталмаған.

СҚО ПД ақпаратына сәйкес, оқиға 19-шы қазан күні тіркелді. Петропавлдағы кәсіпорындардың бірінде техникалық қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Салдарынан 42 жастағы ер адам жұмыс басында көз жұмды. Ол жедел жәрдем мамандары келгенше жан тапсырыпты.
Қазіргі кезде тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.

