СҚО-да 225 мыңнан астам адам спортпен айналысады
Облыста 225 088 адам спортпен айналысады. Бұл туралы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы баспасөз мәслихатында мәлім етті. Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі уақытта аймақта 28 балалар мен жасөспірімдер арналған спорт мектеп жұмыс істейді.

Спорт мектептерінің 5-уі Петропавлда орналасқан. Барлығы да олимпиадалық резервтегі нысандар. Басқармасы басшысының ақпаратына сәйкес, спорттық мекемелерде 26 олимпиадалық спорт түріне басымдық берілген.
— Спорт мектептерінде 10 мыңнан астам бала түрлі үйірмелермен қамтылған. Балаларды 527 жаттықтырушы-оқытушы жаттықтырады. Петропавлда олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжді де жұмыс істеп келеді. Онда 311 оқушы білім алуда. Жалынды жастарды 48 жаттықтырушы-оқытушы дайындайды. Ал жоғары спорт шеберлігі мектебінде 11 спорт түрінен 55 спортшы жаттығады, — деді басқарма басшысы.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына Солтүстік Қазақстан облысынан 299 спортшы кіретінен атап өткен жөн.
Петропавлда өндірісте жұмысшы көз жұмды

