Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда «AMANAT» партиясы салтанатты жиын өткізді

Петропавлда Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы салтанатты жиын өткізді. Шара Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ұйымдастырылды.
Мерекелік басқосуда еліміздің тәуелсіздік жолындағы жетістіктері мен азаматтардың ел болашағы алдындағы жауапкершілігі туралы айтылды. Жиынды «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің, азаматтық рух пен ұлттық сананың айшықты символы. Бұл күн – тарих алдындағы және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді сезінетін ерекше сәт. Біз еліміздің жетістіктерімен мақтанамыз және халық игілігі жолындағы өзгерістердің алдыңғы қатарында жүрген «AMANAT» партиясының рөлі зор, – деді Жеңіс Асанов.
Шараға партияның белсенді мүшелері, мәслихат депутаттары мен жаңадан қабылданған азаматтар қатысты. Республика күні қарсаңында партия қатарына жаңа мүшелердің қосылуы – ел дамуына, әділетті қоғам орнату мен жаңғыру идеясын ілгерілетуге деген сенімнің жарқын көрінісіне айналды.
Мереке барысында түрлі салада абыройлы еңбек етіп, еліміздің, өңіріміздің өркендеуіне өз үлесін қосқан азаматтар марапатталды. Олардың арасында мәдениет пен білім саласының өкілдері де бар.
Іс-шара кітапханашылардың кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келді. Осыған орай мәдениет саласының майталмандары мен руханият қызметкерлеріне ерекше алғыс білдірілді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *