Назарбаев зияткерлік мектебінде жас педагогтер форумы өтті
Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен қызмет жолын енді бастаған педагогтарға арналған облыстық форум өтті. Форумға өңірдің ауыл-аймақтарынан келген 100-ден астам жас маман қатысты.
Бұл — осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған форум. Биылғы ерекшелігі – педагогика бағыты бойынша білім алып жатқан жоғары оқу орындарының 4-курс студенттерінің алғаш рет қатысуында. Форум барысында жас педагогтарға түрлі саланың мамандары қолдау білдіріп, кәсіби өсуге бағытталған ұсыныстар айтты. Сондай-ақ, олар заманауи білім беру жүйесін талқылап, мектеп тәжірибесіндегі озық әдістермен бөлісті.
«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» республикалық форумы биыл төртінші мәрте ұйымдастырылды. Бұл бастаманы 2022 жылдан бастап НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығын қолға алған.
СҚО-да криминалистер 1,5 мыңға жуық зерттеу жүргізді

