СҚО-ның әр ауданында IT-орталықтар ашылады
Өңірде алдағы бес жылға арналған цифрлық стратегия әзірленген. Ол цифрлық инфрақұрылымды дамыту, экономиканың негізгі салаларын трансформациялау және облыс тұрғындарының жаңа цифрлық құзыреттерін қалыптастыруды қамтиды.

Шал ақын ауданы Қазақстандағы алғашқы креативті IT-орталықты іске қосты, жыл соңына дейін облыстың барлық аудандарында осындай орталықтар ашылады, цифрлық амбассадорлар анықталады.
Жаңа IT-орталықтар цифрландырудың жергілікті өсу нүктелеріне айналады: мұнда IT-қоғамдастық, бизнес және белсенді жастар бірігіп, стартаптар мен оқыту бағдарламаларын іске қосады. Осылайша Солтүстік Қазақстан облысы өзінің «цифрлық картасын» қалыптастырып, әр аудан өңірдің технологиялық дамуына үлес қосатын орталыққа айналады.

