Land Rover көлігін тізгіндегін жүргізуші бағанаға соғылды
9 қыркүйек күні кешке Петропавл қаласының полиция басқармасына «Восток» бау-бақша серіктестігінің аумағында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан электр бағаны зақымданғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері Land Rover маркалы автокөлікті байқаған. Алайда оқиға орныныан жүргізуші де, жолаушы да болмаған.
Бау-бақша серіктестігінің күзет қызметкерлерінің сөзінше, көлікте екі адам болған. Іздестіру шараларының нәтижесінде 27 жастағы Land Rover жүргізушісі анықталып, бау-бақша серіктестігінің аумағында ұсталды. Ер адамға медициналық куәландыру жүргізілді.
Алдын ала мәліметтер бойынша жол көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті материалдарды жинақтап жатыр. Артынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.