Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда шырша сатушылар тексерілді

Облыс полицейлері Петропавлда «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Тәртіп сақшылары қылқанжапырақтыларды сататындарды тексерді.  

Петропавлда мереке қарсаңында шырша-қарағай сатқандар көбейді. Шырша сатушылардың қолында ағаштың қайдан әкелінгендігі туралы және сатуға рұқсат беретін құжат болуы тиіс. Осыған орай полицейлер, әкімдік өкілдері мен қоғамдық белсенділері бүгін басталған «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында сауда орындарын тексеріп жатыр.

— Барлық сатушылардың рұқсат құжаттары талапқа сай болғанымен, Украин және Н. Назарбаев көшелерінде екі адам белгіленбеген жерде сауда жасаған. Айта кету керек, бұл тыйым тек шырша саудасына ғана қатысты емес: жыл басынан бері осындай құқық бұзушылыққа 1200-ден астам адам жол берген, олардың 52-сіне айыппұл салынды, қалғандарына ескерту жасалды, — дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Рейдтер Петропавлды ғана емес, облыс аумағын да қамтып, 31 желтоқсанға дейін жалғаспақ.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *