Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да кәсіпкерлікті дамытуға қомақты қаражат бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамытуға қомақты қаржы бөлінді. Жеңілдетілген несиелер арқылы ондаған жоба жүзеге асырылып, ауыл тұрғындарына өз ісін бастауға мүмкіндік берілуде.

Бағдарлама аясында әсіресе ауыл шаруашылығы, туризм және өңдеу салаларына басымдық беріліп отыр. Биыл несие беру талаптарына да бірқатар өзгеріс енгізілген.

Солтүстік Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында бизнесті дамытуға 1,5 млрд теңге бөлінді. Биылдың өзінде 58 жобаны іске асыру үшін 600 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несиелер берілген. Жалпы өңір тұрғындарынан 147 өтінім түскен. Бизнес бастамалардың басым бөлігі өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар кәсіпкерлер туризмді дамытуға, жиһаз өндірісіне және балық өнімдерін өңдеуге де белсенді түрде өтінім беруде. Мамандардың айтуынша, биыл несие беру ережелері өзгерген.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *