Петропавлда полиция қызметкері мінген автокөлік аударылып қалды
Петропавл қаласының қақ ортасында «Mercedes» пен «Mitsubishi Galant» автокөлігі соқтығысты. Салдарынан соңғысы оқиға орнында аударылып қалды, деп хабарлайды тілшіміз.
Жол көлік апаты таңғы сағат 9-дар шамасында, яғни Кәрім Сүтішев пен Жамбыл көшелерінің қиылысында болған. Mitsubishi Galant автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Көлік тротуарға шығып кетіп, артынан аударылып қалған. Темір тұлпардың 34 жастағы жолаушысы медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді.
Mercedes-Benz пен Mitsubishi Galant автокөліктерінің 32 және 34 жастағы жүргізушілері медициналық куәландырудан өтуге жіберілді. Қазіргі уақытта жол сақшылары қажетті материалдарды жинап жатыр. Кейін процестік шешім қабылданатын болады.