СҚО-да Көші-қон қызметі күні атап өтілді
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде Қазақстан Республикасының көші-қон қызметінің құрылғанына 33 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Негізгі назар күнделікті мемлекеттік қызметтер көрсетіп, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ететін қызметкерлерге аударылды.
Мерекелік бұйрықта 20 адамның есімі аталды. Марапатталғандар қатарында полиция қызметкерлерімен қатар әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен келісімшарт негізінде жұмыс істейтін мамандар бар. Дәл осы мамандар халықпен тікелей байланыста жұмыс істейді. Олардың кәсібилігі, жауапкершілігі және адамдарға деген ілтипатты көзқарасы алғыс хаттармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен атап өтілді.

СҚО ПД-ның жақсы дәстүрлерінің бірі – қызметкерлердің ата-аналарын құрметтеу. Полиция қызметкерлерінің аналарына лайықты ұл-қыз тәрбиелегені үшін алғыс хаттар табысталды. Қызмет ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ. СҚО ПД бастығы Абай Жусупов оларды тәлімгерлік еңбегі мен жас қызметкерлерге тәжірибе беріп келе жатқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ол көші-қон қызметінің құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі, көші-қон үдерістерін бақылаудағы және мемлекеттің мүдделерін қорғаудағы маңызын атап өтті.
— Сіздер – мемлекеттің бет-бейнесісіздер, құжаттарды рәсімдеу кезінде азаматтар ең алдымен сіздермен байланысқа түседі, — деп атап өтті Абай Жусупов.
Бұл бөлімшенің тарихы 1993 жылғы 5 сәуірден басталады. Сол күні СҚО ІІБ құрамында паспорттық-визалық жұмыс басқармасы құрылған.
Бүгінде әрбір көрсетілген қызмет пен қабылданған шешімнің артында “Заң және тәртіп” қағидатын күнделікті жұмысына айналдырған адамдар тұр.

