Жарияланған күні: 06.04.2026
Пробация есебіндегілер футболдан мықтыны анықтады
Александр Винокуров Спорт сарайында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында футбол турнирінің финалдық кезеңі өтті.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, футболдан ақтық сында Шал ақын, Жамбыл, Аққайың, Тайынша, Мамлют, Ғабит Мүсірепов аудандарынан және Петропавл қаласынан екі команда қатысуға ниет білдірді. Бұл спорттық шараны Петропавл қаласының прокуратурасы мен әкімдігі, сондай-ақ облыстың Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұйымдастырды.
Аталған іс-шара сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етуге, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңға бағынатын мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды Жамбыл ауданының, Петропавл қаласының және Тайынша ауданының командалары иеленді. Сондай-ақ турнир нәтижесі бойынша жекелеген номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды.

