Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Пестрое көлінде балық қырылып жатыр

Жақында әлеуметтік желіде Пестрое көлінің жағалауында шортан балығы жайылып жатқаны туралы бейне тарады. Петропавлдықтар дабыл қағып, суда мекендеушілердің қырылу фактілері тіркеліп жатқанын алға тартты. 

Белгілі болғандай, шортанның қырылуына көлді оттегінің жетіспеушілігі немесе улы заттардың таралуы себеп емес екендігі анықталды. Есіл облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы ақпаратына сәйкес, шортан көбіне өзендерді мекен етеді. Ал көлдер қысқы уақытта бұл балыққа қолайсыз орта болып есептеледі. 

— Су тасқыны кезінде шортан өзен суымен Пестрое көліне түсті. Осылайша бұл су қойманың балық популяциясы бірден арта түсті. Десе де, шағын көлдер шортан үшін тиімді емес. Себебі, мұндағы азық-түлік те, ауа да шортан үшін аз. Оттегі жетіспеушілігінен мұндай қырылу фактілері тіркелді. Әрине, қала маңындағы көл иесі дәстүрлі түрде аэрация жүргізді, — дейді инспекция мамандары. 

Сарапшылар жағдай тұрақталғанға дейін көл маңында сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *