МӘМС: СҚО-да айына 300-ден астам офтальмологиялық ота жасалады
Көзіңізге ота жасату үшін шетел асып, не елордамыз Астанаға барудың қажеті жоқ. Бүгіндері мұндай офтальмологиялық қызмет түрі Петропавлда да қолжетімді.
Облыста офтальмологиялық бағыттағы оталарды «Айнкөз» көз орталығы» мен «Есіл-Диагностик» жеке клиникаларында жасатуға болады. Бұл қос денсаулық сақтау ұйымы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының медициналық қызмет жеткізушісі болып табылады. Сондықтан аталмыш клиникалар МӘМС аясында да жұмыс істейді. Емделушіге ота жасату үшін тек дәрігердің жолдамасы жеткілікті.
Филиал мәліметтеріне сәйкес, СҚО-да 2026 жылдың қаңтарында 365 пациентке 108,8 млн.теңге сомасына офтальмологиялық операциялар жасалды. Оның ішінде жедел медициналық жәрдем желісі бойынша – 197, ал стационарды алмастыратын көмек желісі бойынша – 163 ота. Мәселен, биыл науқастарға катаракта факоэмульсификациясы, трабекулэктомия, қабықтың жыртылуын тігу, капсула қапшығының пластикасы бар көзішілік линзаларды трансклеральды бекітумен сублюксацияланған линзаны факоэмульсификациялау және т б. сияқты операцияларды жатқызуға болады.
Офтальмологиялық көмек алудағы басты басымдық МӘМС жүйесіндегі пациенттің мәртебесі болып табылады.
Айта кетейік, 2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысында МӘМС шеңберінде 1 млрд. 249 млн. теңге сомасына 4 057 операция жасалды.

