Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда дзюдо залы салынады

СҚО Олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінде өңірдің жетекші спортшылары мен инвесторлары бас қосқан жиын өтті. Шарада аймақтағы спорттық инфрақұрылымды дамыту және жас таланттарды қолдауға қатысты сұрақтар көтерілді.

Кездесуге Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппарат жетекшісі Руслан Әлішев, облыстық дзюдо және самбо федерациясының президенті, Петропавл қаласының прокуроры және «Harvest Group» ЖШС директоры Дәулет Увашев қатысты.

Шарада дзюдо залы туралы мәселе көтеріліп, облыс орталығында аталмыш спорт түріне сай халықаралық жобаны жүзеге асыру жөнінде сөз қозғалды. Әзірге, жаңа залдың тағдыры белгісіз. Десе де жақын арада оның тұрғызу жұмыстары басталмақ.

Сондай-ақ, іс-шарада өңірдің 30 спортшысына кимоно сыйға тартылды. Биыл желтоқсан айында Петропавл қаласында алғаш рет жастар арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді деп жоспарланып отыр.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *