Жеке кәсіпкерлер де МӘМС жүйесіне жарна төлеуі шарт
«Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасында СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «ӘМСҚ» КЕАҚ филиалымен өңірдің кәсіпкерлік қоғамдастығымен онлайн және офлайн форматтарда кездесу өткізді. Тақырыбы — 2026 жылы міндетті медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды төлеу тәртібі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Қарлығаш Ілиясованың сөзінше, МӘМС төлемдері 2026 жылы өзгеріссіз қалды.
— Медициналық көмектің толық пакетін алу үшін «сақтандыру» мәртебесі маңызды. ЖК-де жарналардың мөлшері 5 950 теңгені құрайды, яғни кәсіпкер ай сайын МӘМС-ке жарна енгізуі тиіс. Әрине, сақтандырылған болу үшін 12 ай ішінде жарналар болуы керек, — деді Қарлығаш Ілиясова.
Сонымен қатар, филиалдың бөлім басшысы МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеу кезіндегі қателіктер мен платформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

