Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

МӘМС жүйесінде Д және Е санаттарына жатқызылғандар сақтандырылған

Облыстық кәсіподақ филиалында дөңгелек үстел өтті. Әңгіме өзегі – халықты зейнетақы, әлеуметтік төлемдермен және медициналық көмекпен қамту мәселелері. Өкініштісі, бұл мемлекеттің міндетті қолғабысы қалай жүзеге асатынын жергілікті тұрғындар хабардар емес.


Аталмыш шараға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ өкілдері қатысып, түрлі сала кәсіподақтарының төрағаларымен МӘМС жүйесіндегі жаңашылдықтар мен төленетін жарна туралы мәліметпен бөлісті.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС туралы Заңда бірқатар өзгерістер орын алды. Оның бірі әлеуметтік осал топтарға жатқызылған Д және Е санатындағы азаматтарды сақтандыру жүйесіне тартып, МӘМС аясында медициналық көмекпен қамту болып отыр. Белгілі болғандай өңірде 520 мыңнан астам азамат тұрады. Өкініштісі, олардың 59 мыңы сақтандырылмаған. Өткен жылы олардың саны бұдан да көп болатын. Десе де, енгізілген жаңашылдықтың арқасында сақтандырылмағандар қатары азайды. 

— 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесінде Д және Е санаттарына 24 мыңнан астам адам енді. Олар үшін Қорға жарнаны жергілікті атқарушы орган төлейтін болды. Енді бұл азаматтар сақтандырылған мәртебесіне ие. Бұл азаматтар өзге азаматтармен тең дәрежеде медициналық көмек ала алады, — дейді «Әлуеметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ бөлім жетекшісі Қарлығаш Ілиясова.


Бұдан бөлек, Қорға 5 жыл бойы мүлтіксіз жарна төлеп жүргендерге жеңілдік қарастырылған. Егер бұл азаматтар жұмыстан айырылса, олардың сақтандырылған статустары бұрынғыдай 3 ай емес, 6 ай бойы сақталады. Десе де, кейін жұмысқа орналасқаннан соң, 6 ай үшін берешектерін өтеуі міндетті.
Дөңгелек үстел барысында түрлі саланың кәсіподақ басшылары Қор филиалының өкіліне сұрақтар қойып, тұщымды жауап ала алды. Бірі жеңілдік санатына жатқызылатын азаматтарға қатысты сұрақ жолдаса, енді басқалары жарна көлеміне қатысты сауалдарын қойды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *