Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы таныстырылды

Облыс әкімі СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің жаңа басшысын таныстырды. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен Дархан Марденұлы Хайруллин Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Дархан Хайруллин Омбы қаласының тумасы. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін,«Әділет» жоғары құқық мектебін агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы «экономика және менеджмент» және «заңгер» мамандықтары бойынша тамамдаған.

Әр жылдары сот орындаушысы, Ақмола облысы сот әкімшілігінде жетекші және бас маман болып жұмыс істеген. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде кеңесші, бөлім басшысы, хатшылық меңгерушісі, басшының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Осы тағайындауға дейін, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып қызмет етті.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *