Жерлестеріміздің еңбегі жоғары бағаланды
Облыс әкімі Мемлекет басшысының атынан бірқатар солтүстікқазақстандықтарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар табыс етті.

— Бұл жетістіктер елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси жаңғырулар аясында айрықша маңызға ие. Осындай еңбекқор, жауапкершілігі жоғары азаматтардың арқасында еліміздің тұрақты дамуы қамтамасыз етіліп, Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы бастамалар өз нәтижесін береді деп сенемін,- деп айтты өңір басшысы.
Марапатталғандардың қатарында «Дайындық Агро» ЖШС директоры Біржан Шаймерденов бар. Ол III дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды. Оның күнделікті еңбегі, жоғары кәсібилігі мен ісіне деген адалдығы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына, өңір экономикасының нығаюына және халықтың әл-ауқатының артуына зор үлес қосып келеді.

