Петропавлда Есіл өзені ернеуінен шыға бастады
Есіл өзеніндегі бірінші толқынның шыңы Новоникольское ауылының маңында өтіп жатыр. Облыс орталығына ол 19-20 сәуір күндері келеді деп болжанған. Мұны «Қазгидромет» мекемесі хабарлап отыр.
– 17 сәуір сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Петропавлда Есіл өзенінің су деңгейі 941 см жетті. Бұл – қауіпті меже. Қазіргі уақытта Петропавл айналма жолының 27 шақырымында асфальтқа су жайылды, — дейді филиал директорының орынбасары Наталия Левина.
Сергеев су қоймасында 7 сәуірде су тасқынының бірінші толқыны шарықтау шегіне жетіп, 922 см болып тіркелді. Бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 70 см-ге төмен, былтыр ең жоғары деңгей 1 062 см болған. Ал бөгет қырынан асу деңгейі 122 см-ді құрады.
17 сәуір сағат 12:00-де су қоймасының деңгей 864 см болды, бөгет қырынан асу – 64 см. Су тасқынының бірінші толқынынан бері су деңгейі 58 см-ге төмендеді.

