Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+16°C
Пасмурно
Источник погодных данных: Ауа райы
04:05:12Воскресенье

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда оқ дәрі салынған бөтелке табылды

СҚО полицейлері атыс патрондары салынған бес литрлік бөтелкені тауып алды. Оқ -дәріні қала тұрғыны саяжай учаскесінде жасырған, деп хабарлайды тілшіміз.

Полицейлер тексеріс барысында қаладағы саяжай учаскелерінің бірінің маңынан қапқа салынған бес литрлік бөтелкені іздеп тапты. Оның ішіне иір ұңғылы қаруға арналған 5,45 мм калибрлі 659 патрон толтырылған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 «Оқ-дәрі толығымен тәркіленді. Сарапшылардың қорытындысы олардың атуға жарамды екенін анықтады. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. ҚР ҚК 287-бабына сәйкес, заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсырған тұлға, егер әрекетінде қылмыстың белгілері болмаса заң алдындағы жауапкершіліктен босатылады. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», – дейді Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *