СҚО-да жыл басталғалы 30,8 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Облыстық және қалалық мәслихаттарының біріккен отырысында партиялық жобаларды іске асыру және азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеудің аралық қорытындылары шығарылды. Негізгі мәселелердің бірі ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарын орындау болды. ⠀

Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Жалғас Сүлейменов атап өткендей, «Жер аманаты» жобасы аясында 2026 жылдың басынан бері өңірде 57,4 мың га жайылым алаңында 18 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 30,7 мың га аумақта 7 бұзушылық анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік жазалар қолданылды. ⠀
— Жыл басынан бері 30,8 мың га жер қайтарылды, бұл жылдық жоспардың 60% — дан астамын құрайды. Бұл ретте 2022 жылдан бастап бюджетке көтерілген салық ставкаларын қолдану есебінен қосымша 654,8 млн теңге түсті. Қазіргі уақытта өндірісте тағы 53,7 мың гектар жерді алып қою бойынша сот талап–арыздары бар, сондай-ақ 2025 жылы анықталған учаскелер бойынша жұмыстар жүргізілуде, — деп атап өтті Жалғас Сүлейменов. ⠀
«AMANAT» партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гүлфира Рамазанова азаматтарға берілген уәделерді орындаудың жоғары деңгейін атап өтті.
-Сайлау науқаны аясында сайлаушылардың 1625 өтініші жиналды. Бүгінгі таңда оның 1609-ы орындалды, — деді Гүлфира Рамазанова.

